«Іле-Балқаш» резерватының Табиғи кешендер мен обьектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі 2021 ж. Талдың қысқы дамылдау кезеңінде сүректенген өркендерін дайындаудан бастады.

Көктемде бөлім басшысы Мұрат Абдралиұлы Әлмұханов биотехникалық іс-шараларды жүргізу шеңберінде резерваттың Балқаш маңы учаскесінде қалемшелерді отырғызатынын айтты.